Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органы алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, қылмысқа қатысушылар iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарларды, тоңазытқыштарды және басқа да электроника тауарларын сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан.
Сауда үйіне келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрап отыр.
Қылмыстың барлық 10 қатысушысы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық көлемде өтелді.