Астанада саунаның есепшісі кассадан 3 миллион теңге жымқырған

136

Полицияға сауна иесінен арыз түсті. 

Астанада саунаның есепшісі кассадан 3 миллион теңге жымқырған Фото: taziksauna.ru

Саунаның иесі кассадан шамамен 3 миллион теңге жымқырылғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы есепші бұл іске күдікті ретінде анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу