Астанада ақшаны сейфпен қоса ұрлаған күдікті ұсталды

625

Полиция жарты млн теңге ұрлаған астаналық тұрғынды қолға түсірді.  

Астанада ақшаны сейфпен қоса ұрлаған күдікті ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері кеңсеге терезе арқылы кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған күдіктінің жеке басын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қаладағы жеке серіктестіктердің бірі полиция ұрлық бойынша шағымданған. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы азаматты ұстады. Ол тергеу барысында ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу