Астанада "Сергек" камераларының қызметі тоқтатылады

417

Санаулы күннен соң "Сергек" деп аталатын видеобақылау интеллектуалды жүйесін жасап шыққан әзірлеушінің Астана әкімдігімен серіктестігі аяқталды.    

Астанада "Сергек" камераларының қызметі тоқтатылады Фото: koleso

Келісім әрі қарай жалғаспайды. "Сергектің" орнын БАӘ-нің "Presignt" компаниясы алмастырады. Ал мұндай нақты шешім Астана мәслихатында қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов 2017 жылы Астанада "Сергек" жобасы іске асырылғанын еске салды.

"Осы жылдың 13 наурызында шарттың қолданылу мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде және жобаны одан әрі дамыту шеңберінде біз G42 холдингіне кіретін presight халықаралық компаниясымен Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару үшін шешім жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргіздік. Жаңа жобаны қалыптастыру кезінде ағымдағы жобаның кемшіліктері ескерілді",  деді ол.

Жаңа компания:

  • 10 мың заманауи камера орнатады;
  • 502 аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатады;
  • 8 мың камераны терроризм қаупі туындауы мүмкін нысандармен (мектеп, балабақша, әуежай, вокзал, ЛРТ) интеграциялайды;
  • Деректерді өңдеу орталығын құрады.

Компания видеоаналитиканың 50 түрін ұсынады:

  • Рөлде келе жатып телефонмен сөйлесуді анықтау;
  • Қауіпсіздігін белдігін тақпау фактісін анықтау;
  • Бос емес қиылысқа шығып кетуді анықтау;
  • Екінші жолақпен бұрылуды анықтау;
  • Рұқсат етілмеген жерде тоқтауды анықтау;
  • Транспорт түрін анықтау (жеңіл, жүк, марка, түс);
  • Адамдардың құлауын анықтау;
  • Төбелестерді аңғару;
  • Қару-жарақты байқау;
  • Рұқсат етілмеген жерде темекі шегуді анықтау және т.б.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу