Сериялық ұры шығынның орнын толтыруға тырысып, туған ағасын тонап кеткен, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, тұрақта тұрған ГАЗель автокөлігінің салонынан аккумулятор мен 12 мың теңге ұрланғаны туралы шағым түсірген.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында "Алматы" аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің інісі ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. 19 жастағы жігіт елорда аумағында аккумуляторларды жаппай ұрлау бойынша күдікке ілінгендігі анықталды. Оның есебінде шамамен 4 ұрлық бар", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті мойындау айғақтарын берді. Ұрланған батарея иесіне қайтарылды.