Астанада "Шабыт" конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

62

Астанада "Шабыт" XXVIII халықаралық шығармашыл жастар конкурсының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада "Шабыт" конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл конкурсқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден 800-ден астам жас талант қатысты.

"Шабыт" конкурсы – дарынды жастарды қолдауға, олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға және халықаралық мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған елдегі ең ірі шығармашылық алаңдардың бірі.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген танымал музыканттар, мәдениет қайраткерлері және сала сарапшылары енді.

Фестиваль аясында қатысушылар байқау кезеңдерінен өтіп, тыңдаулар мен іріктеу турларына қатысты, отандық және шетелдік мамандардың лекцияларын тыңдады, шығармашылық зертханаларда жұмыс істеді, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламаларға қатысты.

2025 жылы ұйымдастырушылар қатысушылар үшін арнайы білім беру бағдарламасын ұсынды. Бір апта бойы жас орындаушылар танымал композиторлар мен әртістердің шеберлік сабақтарына қатысып, визуалды өнер саласындағы шығармашылық зертханаларда жұмыс істеді.

Мұндай формат оларға танымал шеберлерден тікелей кеңес алып, кәсіби дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік берді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу