Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

644

​Әлемнің 14 елінің ең үздік құрамалары қатысатын чемпионат елімізде алғаш рет өткелі отыр.    

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Астанада наурызда классикалық шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды  Елорда Инфо.

Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Польша,  Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, Венгрия, Армения елдері мен Қазақстаннан 20 құрама ойнайды. Оның 10-ы – ерлер құрамасы болса, қалған 10-ы – әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады. 

Командалық есепте әлем чемпионы атағы – бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі.      

Қазақстан құрамасының намысын еліміздің ең мықты шахматшылары Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Ануар Исмагамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко қорғайды.

Әлем чемпионаты айналмалы жүйе бойынша 9 раундтан тұрады. Турнирге 100-ден астам спортшылар, төрешілер және қонақтар қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу