Астанада шахматтан командалық есептегі әлем чемпионаты басталды

856

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер командасы Ресейге қарсы ойын өткізсе, ерлер командасы англиялық қарсыластарымен ой жарыстырады.

Астанада шахматтан командалық есептегі әлем чемпионаты басталды

Бүгін Астанада шахматтан командалық есептегі әлем чемпионаты басталды. 15 наурызға дейін созылатын әлемдік сынға 14 мемлекеттен спортшылар қатысуда, деп жазады Olympic.kz. 

Турнирде 10 ерлер және 10 әйелдер құрамасы бақ сынайды. Астана төрінде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Египет, Ресей, Польша, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, Венгрия, Армения және Қазақстан командалары өзара мықтыны анықтамақ. 

Қазақстан әйелдер командасы сапына Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Гүлмира Дәулетова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева енді. 

Ал ерлер командасының құрамында Ринат Жұмабаев, Ануар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко, Мұртас Қажығалиев бар. 

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер командасы Ресейге қарсы ойын өткізсе, ерлер командасы англиялық қарсыластарымен ой жарыстырады. 

Қазақстан құрамасының мүшесі Жансая Әбдімәлік чемпионаттағы басты фавориттерді атап, жеңістен үмітті командаларға тоқталып өтті. 

"Біздің негізгі қарсыластарымыз – Ресей, Украина және Қытай құрамалары екені сөзсіз. Бұлар турнирдің басты фавориттері саналады. Дегенмен, біз команда ретінде жақсы ойын көрсетуді мақсат еттік. Құрамадағы әрбір шахматшы өз жеріміздегі әлемдік сында аянып қалмайды", - дейді Жансая. 

Сондай-ақ, Астанадағы әлем чемпионаты аясында бүкіләлемдік шахмат федерациясының (FIDE) президенттік кеңесі өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу