Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С. Шаймерденов көшесінде (А62) асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілуде.
Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 7-22 маусымы аралығында Шаймерденов көшесінің А91 көшесінен "Метро" гипермаркетіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек", делінген хабарламада.