Елордада жедел жәрдем қызметкеріне ер адам пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға тұрғын үйлердің бірінде болды. Шақыртуға барған дәрігерлер бригадасы науқасқа медициналық көмек көрсеткісі келеді. Алайда, ащы суға сылқия тойған азаматтың тарапынан қарсылық көреді. Салдарынан фелдьшер маман басынан жарақат алған. Оған жедел түрде көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы қалыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу