Астанада "Шапағат" базарынан өрт шықты

168

400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутик отқа оранған.

Астанада "Шапағат" базарынан өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

Жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда.

Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу