Астанада шетел азаматтары ломбардтан 45 млн-ның бұйымын ұрлаған

223

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада шетел азаматтары ломбардтан 45 млн-ның бұйымын ұрлаған Фото: polisia.kz

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды. Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысты. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды. 

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу