Астанада шетел компанияларының қатысуымен 26 жоба іске асып жатыр

1054

Астанада шетел компанияларының қатысуымен 26 жоба іске асып жатыр

Астанада шет ел инвестициясы мен Жапония, АҚШ, Түркия және Еуропа елдері трансұлттық компанияларының қатысуымен 26 жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды elorda.info.

Ал, жалпы инвестициялық жобалардың саны 60, құны 3 миллиард АҚШ доллары. Бұл туралы елорда әкімі Әсет Исекешев сегіз айдағы Астананың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы қалалық мәслихаттың сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді. Бұл инвестициялық жобалар экономиканың дәстүрлі секторларын ғана емес, білім, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар саласын да қамтиды.

Елбасы жариялаған 5 институтционалды реформа мен "100 нақты қадам" ұлт жоспарының 69-сы Астананы Еуропадағы орталық қалалардың біріне айналдыру болатын. Осы және "Үшінші модернизация" бағдарламасы бойынша жалпы кәсіпкерлікке және жеке инвестицияға негізделген дамудың жаңа моделіне көшуді талап етеді. Осы мақсатта 2020 жылға дейін Астананы дамыту бағдарламасы қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу