Астанада шетелдіктерден 1 келіден астам есірткі тәркіленді

261

Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада шетелдіктерден 1 келіден астам есірткі тәркіленді Фото: qazdauiri.kz

Астанада есірткіні заңсыз сақтау және таратуға күдікті екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар 21 және 37 жаста.

Полиция қызметкерлері Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетімен бірлесіп, қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Тексеру кезінде күдіктілер мінген "Changan" автокөлігінің салонынан чемодан табылған. Оның ішінен есірткіге ұқсас зат салынған үш пакет және капсулаларға бөлінген сұйық зат анықталды. Сонымен қатар ұсталғандардың бірінің сөмкесінен де осыған ұқсас заттар табылған.

Жалпы, бір келіден астам зат тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Елордада есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу