Астанада шетелдіктерге ЖСН сатудың қылмыстық схемасы әшкере болды

438

Қылмыстық іс сотқа жолданды.  

Астанада шетелдіктерге ЖСН сатудың қылмыстық схемасы әшкере болды Фото: matritca.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетел азаматтары ЖСН-ды жеке өзі барып, міндетті биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана алады. 

"Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің елге келуінсіз-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған. Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған. Қылмыстық әрекетке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген", – деп хабарлады ҚМА.

Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу