Астанада шетелге жұмысқа тұрғызамын деп азаматтарды алдаған ер адам ұсталды

329

Күдікті 800 мың теңгеге жуық қаржыны заңсыз алған.  

Астанада шетелге жұмысқа тұрғызамын деп азаматтарды алдаған ер адам ұсталды Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Чехияға жұмысқа орналастырып беремін деп бірнеше азаматты алдап, қаражат иемденген 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып сендіріп, 6 эпизод бойынша алаяқтық жасаған. Ол көрсетілген қызмет үшін әртүрлі көлемде ақша алып, кейін байланысқа шықпай қойған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Жалпы келтірілген шығын шамамен 800 мың теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыруды уәде ететін белгісіз тұлғаларға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ жұмыс ұсынатын ұйымдардың лицензиясы мен заңды қызметін тексеру, келісімшарт талаптарын мұқият оқу және толық түсінбейінше ақша аудармау қажет екенін ескертеді. Күмәнді жағдай туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу