"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен шағын және орта кәсіпорындардың басшыларын "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" жобасы бойынша тегін оқытуды қолға алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның мақсаты - табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамыту, шетелдік оқыту орталықтарын тарту арқылы стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешу.
Жобаға экономиканың басымдықты секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары қатыса алады.
Оқыту үш кезеңмен жүргізіледі:
- аудиторияларда топтармен үш күндік күндізгі дәрістер; онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен); бизнес-жоспарлар әзірлеу және бағалау.
Оқуды аяқтаған кәсіпкерлерге курсты сәтті меңгеріп шыққаны туралы сертификат табысталады.