Астанада шоколад ұрлаған ерлі-зайыпты ұсталды

234

Олар дүкеннен 100-ге жуық шоколадты ұрлаған.    

Астанада шоколад ұрлаған ерлі-зайыпты ұсталды Фото: pixabay.com

Астана қаласының полициясы алдын-ала келісіп, ұрлық жасағандарды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге дүкендердің бірінен 96 дана шоколад батондарын ұрлағаны анықталды.

Қылмыс нақты жоспармен жүзеге асырылған: алдымен күдіктілердің бірі дүкенге кіріп, батондарды пакетке салып, оны көзге түспейтін жерге тығып кеткен. Кейін екінші сыбайласы дайын пакетті алып, дүкеннен кедергісіз алып шыққан.

Ұрланған шоколадтар сатылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 70 мың теңгені құрап отыр.

Бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке тұлғасы анықталды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу