Астанада шомылу маусымы басталғалы бері 2 адам суға кетті

599

Шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде 3 адам құтқарылды.

Астанада шомылу маусымы басталғалы бері 2 адам суға кетті Фото: google.com

Бұл туралы Астана қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Рейдтік іс-шаралар барысында полиция департаментімен бірлесіп жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша 14 әкімшілік хаттама жасалды. Елордалық құтқарушылар шомылу маусымы басталғаннан бері шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде 3 адамды аман-есен құтқарды, оның ішінде 1 бала бар. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау салдарынан шомылу маусымы басталғалы бері 1990 және 1996 жылы туған 2 адам қаза тапты", - деді спикер.

Азамат Құсайыновтың сөзінше, былтыр елорданың су айдындарында 6 адам суға батып кеткен. Оның ішінде бесеуі бала. Қайғылы жағдайлардың барлық дерегі суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындарының учаскелерінде тіркелген.

Қалада ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 4 орын бар: Орталық жағажай, "Три пескаря" демалыс аймағы, "Столичный двор"  және Ш.Бейсекова көпірі ауданындағы коммуналдық жағажай. 

ТЖД мәліметінше, су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесін "2GIS" картографиялық платформасынан көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу