Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сұлукөл көшесіндегі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шұғыла көшесіндегі жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осыған байланысты 22 маусымнан 15 шілдеге дейін Шұғыла көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскелері кезең-кезеңмен ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу