Астанада шығыс медицинасымен заңсыз айналысқан ер адам сотталды

328

Күдіктілер адам өліміне әкелетін дәстүрлі емес медицинамен айналысқан.

Астанада шығыс медицинасымен заңсыз айналысқан ер адам сотталды Фото: zoon.ru

Астанада абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан күдіктінің кінәсі дәлелденді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Күдікті тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйқылық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге, Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған.

Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды.

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу