Астанада шыршалар мен жылыжайлар жіберуге уәде еткен алаяқ ұсталды

479

23 жастағы жігіт OLX сайтында жалған хабарландырулар жариялаған.  

Астанада шыршалар мен жылыжайлар жіберуге уәде еткен алаяқ ұсталды

Елорда тұрғындарына жылыжайлар мен шыршалар жіберуге уәде еткен алаяқ ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға Астана қаласының 5 тұрғыны жүгінді. Олардың ішінде екеуі жаңа жыл қарсаңында шырша, ал үшеуі жылыжай сатып алмақ болған. Алайда барлығы да алаяқтықтың құрбанына айналған көрінеді.

Жәбірленушілердің бәрі OLX сайтында жалған хабарландырулар жариялаған 23 жастағы жігітке алданып қалған. Алаяқ қазан айында жылыжайды сатқаны үшін қала тұрғынынан кепіл ретінде 40 мың теңге талап етеді. Кейіннен оған бұл сома мобильді аударым арқылы жіберілген көрінеді.

Сол сияқты шырша сатып алмақ болған Атбасар тұрғыны да алаяқтың құрбаны болады. Күдікті жаңа жылдық шыршаларды жеткізу үшін одан кепіл ретінде 53 мың теңге талап еткен.

23 жастағы жігіт кейіннен байланысқа шықпай, одан әрі өзінің ұялы телефонын сөндіріп тастаған. Оны Алматы ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары ұстады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу