19 сәуір күні 11.00-де "Қазақстан" спорт сарайында "Есірткісіз әлем үшін" халықаралық есірткіге қарсы акциясы өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Акция аясында ЖОО студенттерінің, колледждер мен мектеп оқушыларының қатысуымен бірқатар шара қарастырылған. Бұл шараларға ІІМ басшылығы, ШЫҰ бас хатшысы Р. Алимов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Шара аяқталған соң орталық коммуникациялар қызметінде кеңейтілген брифинг өтеді.
Айта кетейік, "Есірткісіз әлем үшін" халықаралық есірткіге қарсы акциясын өткізу бастамасын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың маусымында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысында көтерген болатын.