Астанада ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді

472

Қазіргі кезде ұйымның энергетикалық стратегиясы әзірленіп жатыр.  

Астанада ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді Фото: gov.kz

Биыл қазанда Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) энергетикалық форумы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Үндістан төрағалық ететін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің бейнеконференция форматында өткен жиынында белгілі болды.

Оған Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан ШЫҰ-ның энергетикалық стратегиясын әзірлеп жатқанын атап өтті. Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетика саласындағы одан әрі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қамтиды.

2023 жылғы маусымда ШЫҰ органдарына төрағалық ету Үндістаннан Қазақстанға ауысады. Осыған байланысты, Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерін биыл қазанда Астанада өтетін ШЫҰ Энергетикалық форумына қатысуға шақырды.  

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кезекті отырысы 2024 жылғы маусымда өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу