Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің энергетика министрлерінің кеңесі басталды

182

Кеңестің мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

 Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің энергетика министрлерінің кеңесі басталды Фото: Энергетика министрлігі

2024 жылғы 21 маусымда Қазақстан астанасы Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңеске қатысушылар:

- Ресей Федерациясының Энергетика министрінің орынбасары Сергей Мочальников,

- Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевич,

- Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі Мехрабиан Али Акбар,

- Қырғыз Республикасы Энергетика министрі Таалайбек Ибраев,

- ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Вань Цзиньсун,

- Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер Шофакир,

- Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов.

Кеңестің мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика ведомстволарының басшылары 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірлеуге ұсынылған "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын" қарастырады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қатысушы елдер үшін диалог пен ынтымақтастық алаңы болып табылатын аймақтық ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін, Еуразия аумағының 60%-ын, әлем халқының 42%-ын құрайды. Энергетика саласы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты болып табылады, өйткені ол экономикалық салаға айтарлықтай үлес қосады. ШЫҰ әлемдегі ең ірі энергетикалық ресурстарды өндірушілерді, тасымалдаушыларды және тұтынушыларды біріктіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу