Астанада Сирия жөнінде отырысқа Иордания сарапшылары қатысады

791

Астанада Сирия жөнінде отырысқа Иордания сарапшылары қатысады

Сирияда бітімгерлікті сақтауды бақылау жөніндегі бірлескен жедел топтың алғашқы отырысына Ресей, Түркия, Иран сарапшыларымен бірге Иордания өкілдері де қатысады, деп хабарлады ақпаратқа қанық дереккөз РИА Новости-ге.

"6 ақпанда Астанада Сирияда әскери қимылдарды тоқтату режімін сақтауды бақылау жөніндегі бірлескен жедел топтың алғашқы отырысы өтеді. Жедел топтың жұмысына Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ, сондай-ақ Иордания сарапшылары қатысады", – деді агенттікке әңгімелесуші.

Кездесуге қатысушылар жанжалдасушы тараптардың  соғыс қимылдарын тоқтату режімін сақтауды талқылап,  бақылау шараларын әзірлеп және бітімгерліктің бұзылуын алдын алу, гуманитарлық көмек мәселелері және сириялық билік пен оппозиция арасында өзара сенімді арттыру жайын қарастырмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу