Сирияаралық шиеленісі реттеу жөніндегі келіссөздердің бесінші раунды Астанада 4-5 шілдеде өтеді. Сириялық ұлттық бітісу комитетін құру мәселесі Астанада өтетін Сирия бойынша бесінші кездесудің күн тәртібінде болуы мүмкін, деп жазады sputniknews.kz.
"Астанадағы келіссөздер барысында (4-5 шілде) Сириялық ұлттық бітісу комитетін құру мәселесі қарастырылады", — деді РФ қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу селекторлық отырыс барысында.
РФ қорғаныс министрлігінің басшысы келіссөздердің АСР әскери белсенділік пен зорлық-зомбылықты төмендетуге бағытталғанын хабарлады.
Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі алдыңғы кездесуі 2017 жылғы 3-4 мамырда Қазақстанның бас қаласында өтті. Келіссөздерге кепілгер-мемлекеттермен бірге Сирия үкіметінің және қарулы оппозициясының, сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ делегациялары қатысты.
Кездесудің басты қорытындысы кепілгер-мемлекеттердің Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы болды. Аталған құжат зорлық-зомбылықты тоқтатуға, Сирияның бірлігі мен аумақтық біртұтастығын сақтауға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеуге бағытталған.