Астанада Сирияға қатысты келіссөз өтпей қалуы мүмкін

606

Астанада Сирияға қатысты келіссөз өтпей қалуы мүмкін

Сирияның шамамен 10 оппозициялық тобының өкілі Дамаск тарапынан ереже бұзылғандықтан, Астанадағы келіссөзді өткізуді тоқтата тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Agence France-Presse басылымы.

"Дамаск тарапынан бұл бұзушылықтардың жалғасып жатуына байланысты оппозициялық топтың өкілдері Астанада өтетін келіссөзге қатысты барлық мәселені талқылауды тоқтататынын мәлімдеді", – деп жазылған оппозициялық 10 топтың үндеуінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаев Путинмен Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөзді талқылаған болатын.

"Астанада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге арналған келіссөзді өткізуге қатысты мәселе, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сан-Петерборда өткізген саммиттерінің қорытындысы талқыланды", – деп жазылған Кремльдің баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Ресей мен Түркия президенттері Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөзді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Астанада мұндай келіссөз жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.

tengrinews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу