Астанаға Сириядағы сойқанға қатысты келіссөзге қатысып жатқан тараптар түгел келді. Сирия үкіметі, қарулы оппозиция өкілдері және кепіл беруші мемлекеттер бетпе-бет жүздесті, деп хабарлайды ktk.kz.
Бірақ жиындардың барлығы жабық есік жағдайында өтті.
Иран мен Сирия үкіметтерінің өкілдері кездесті.
Астана процесінің 5-раундына қарулы оппозицияның 9 өкілі келген. АҚШ пен БҰҰ-ның өкілдері бақылаушы ретінде қатысуда. Еліміздің сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, процеске қатысушылар ЮНЕСКО-ның қорғауындағы тарихи, мәдени құндылықтар қойылған аймақтарды бомбалауды тоқтату мәселесін талқылады. Ал бұған дейінгі кездесуде тараптар төрт деэскалациялық аймақ құру туралы шешім қабылдаған болатын. Ертең сол аймақтардың шекарасын анықтайды.