Астанада сиыр етіне шекті баға бекітілді

1093

Астанада сиыр етіне шекті баға бекітілді

Бас қалада соғым маусымында сиыр етінің бағасы 1 350 теңгеден аспайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада ет бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі тауар өндірушілерімен коммуналдық базарға сиыр етін бекітілген бағамен тікелей жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды.

"Аталған келісімшарт сиыр етінің алдыңғы жауырын бөлігін сатып алу бағасын (1300тг/кг) және бөлшек сату бағасын (1350тг/кг) белгілеуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Ақмола облысының Целиноград ауданы өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда сиыр етінің бағасын 1300тг/кг бекітілген", - делінген ауылшаруашылық басқармасы таратқан ақпараттық хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу