"Білім сапасын арттыру мақсатында Астанада бірқатар білім беру ұйымында "Смартфонсыз мектеп" жобасы іске асып жатыр. Оқушылар сабақтың алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салып қояды", – дейді басқармадан.
Жаңа жоба елорданың бірқатар мектебінде енгізілді. Атап айтқанда, №1, №4, №7, №8, №17, №18, №25, №28, №29, №32, №34, №43, №46, №48, №52, №58, №70, №73, №76, №77, №87, №93, №103, №103 және №108 білім ордасы.
"Мұндай іс-шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық жай-күйіне оң әсер етеді", – деп толықтырды қалалық ведомстводан.
Сондай-ақ Білім басқармасынан хабарлауынша, аталған жобаны мектептерге енгізу міндеттелмейді.