Астанада соңғы 85 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

212

Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш 1941 жылы тіркелген. 

Астанада соңғы 85 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді Фото: 24.kz

Астанада 85 жылдық температуралық рекорд жаңартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауаның ең жоғары температурасы +36,8°C-қа жетіп, алдыңғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды. Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш +36,4°C болып, 1941 жылы тіркелген еді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМҚ.

Айта кету керек, бұған дейін елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу