Елордада 14 машина жанып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн суытуына байланысты қалада істен шыққан көлік саны артқан.
"Астанада 11 күн ішінде 14 өртеніп жанып кетті. Күннің суытуына байланысты автокөліктердің істен шығуы және өртенуі жиілеп отыр. Көбіне автокөліктер электрмен қамтудың жетіспеушілігінен болып жатыр. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтамау да себеп. Елорданың полиция қызметі сақ болуға шақырады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу