Астанада сот орындаушы төленген алиментті өз баласының шотына аударып отырған

248

Борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Астанада сот орындаушы төленген алиментті өз баласының шотына аударып отырған Фото: pexels.com

Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударып отырған.

Өндіріп алушы борышкерге шара қолдануды өтініп сот орындаушыға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу