Қала прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты жымқыру фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар 2 жыл бойы сот актілерін орындап, мемлекет қазынасын толықтырудың орнына, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаражатты иемденіп, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға жұмсаған.
Сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған. Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кейін олар келтірілген шығынды толығымен өтеді.
Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу