Астанада стенд атудан Гран-при турнирі өтеді

791

Дүбірлі додаға 10-ға жуық мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысады.

Астанада стенд атудан Гран-при турнирі өтеді

17-26 қыркүйек аралығында Астанада стенд атудан Жасөспірімдер арасындағы халықаралық Кубок жəне ересектер арасындағы Гран-при турнирі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Дүбірлі додаға 10-ға жуық мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысады.

Олардың арасында Рио жəне Лондон Олимпиадаларының қатысушылары, сондай-ақ,  Азия ойындары мен Азия чемпионатында топ жарған мергендер бар.

"Биылғы маусым біз үшін ірі бəсекелерге толы болды. Азия ойындарының ізін ала бере əлем чемпионатына аттандық. Бүгін өз жеріміздегі дүбірлі бəсекені бастағалы отырмыз. Мергендер алдымен олимпиадалық бағдарлама саналатын трапта, кейін дубль трап жəне скиттен өзара мықтыны анықтайды", - дейді нысана көздеуден ұлттық федерация басшысы Олег Почивалов.

Стенд атудан мұндай ірі жарыс Қазақстанда екінші рет өткелі отыр. Былтыр ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ЭКСПО Гран-при додасының жалауы желбіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу