Астанада "Sterling Invest" ЖШС" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

384

Шығын 250 млн теңгеден асады.

Астанада "Sterling Invest" ЖШС" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша "Sterling Invest" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚМА мәліметіне сенсек, инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге. Төлемдер келісім шарттарына сәйкес 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

"Сонымен қатар, "MegaSnabGroup.KZ" және "Азия Сталь Казахстан" ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады. Компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді. Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға "үй қамауы" түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу