Жәрмеңкеде денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, қызмет көрсету және т.б. салаларда бос жұмыс орындарын табуға болады.
"Esil University-мен бірлесіп "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы, халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Қазіргі уақытта 50 компания 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, банктер және басқа да мекемелер бар", – деді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.
Айта кетейік, 2022 жылы елордада жастарға арналған төрт бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оларға 160-тан астам жұмыс беруші мен 2,5 мыңға жуық жас қатысты. Оларға барлығы 1 800-ден астам бос жұмыс орны берілді.