Астанада студенттердің көңілді кеші ұрлықпен аяқталды

839

Студенттердің бірі ұрлық жасағанын мойындады, смартфондар иесіне қайтарылды. 

Астанада студенттердің көңілді кеші ұрлықпен аяқталды Фото: gov.kz

Алматы ауданы полиция бөліміне елордалық университеттің ІІІ курс студенті курстастарымен кездесуден кейін IРhone 13 және Samsung A-33 телефондары жоғалып кеткендігі туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу барысында төрт жігіттің кеш ұйымдастырғаны анықталды. Бір жігіт жәбірленушінің мас болғанын пайдаланып, пәтерден екі ұялы телефонды жасырын алып шыққан. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камерасынан кіреберісте бөгде адамдардың болмағандығы туралы мәліметті полиция жедел уәкілдері мәлімдеді. Гаджеттерді табу үшін олар жоғарғы қабаттан жертөлеге дейінгі кіреберісті іздеуге мәжбүр болды, онда ұрланған телефондар қоқыс арасынан табылды. 

Студенттердің бірі ұрлық жасағанын мойындады, смартфондар иесіне қайтарылды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу