Астанада студенттерге арналған жатақхана құрылысына 14 жер телімі бөлінді

1139

Бүгінгі күні 88 мың студенттің 14 мыңы 32 жатақханада тұрып жатыр. Ал қосымша қажеттілік ЖОО студенттері үшін 11 мың орынды құрайды. 

Астанада студенттерге арналған жатақхана құрылысына 14 жер телімі бөлінді

Бүгінгі күні Астанада жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жатақханаларды жобалау әрі салу үшін жалпы ауданы 17 гектарды құрайтын 14 жер телімі бөлінді. Бұл туралы бүгін үкімет сағатында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

​"Бүгінгі күні 88 мың студенттің 14 мыңы 32 жатақханада тұрып жатыр. Ал қосымша қажеттілік ЖОО студенттері үшін 11 мың орынды құрайды. Бұл мақсатта ЖОО жатақханаларын жобалау және салу үшін әкімдік жалпы ауданы 17 гектарды құрайтын 14 жер учаскесін бөлдік", –  деді Астана әкімі.

Бұдан басқа жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен МЖӘ тетігі шеңберінде хостелдердің аумақтарында колледж студенттерін тұрғынжаймен қамтамамыз ету жөнінде пилоттық жоба қабылданды.

"Бұл үшін айына жергілікті бюджеттен 19 млн теңге бөлініп отыр. Бір студентке айына 22 мың теңге бөлінеді, ал студент қалған 5 мың теңгені өзі төлейді. Біріншіден, бұл бизнеске жаңа түрткі берді, екіншіден, колледждердің 860 студентті оқу кезінде тұрғынжаймен қамтамасыз ету мәселесі жедел түрде шешілді. Өйткені жатақхана салынғанша әлі уақыт керек", – деп қосты Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу