Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

344

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.  

Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді Фото: Astana news

Астанада судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қала аумағындағы су айдындарында күн сайын профилактикалық рейдтер өткізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейд кезінде демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылады. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 және 412-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі.

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын тек рұқсат етілген әрі арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және суға түсуге тыйым салынған аумақтарға бармауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу