Астанада су бағасы қымбаттамайды

1084

Астанада су бағасы қымбаттамайды

Астанада судың тарифі 2020 жылға дейін айтарлықтай өзгермейді. Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері "Астана су арнасы" нысандарын аралау кезінде мәлім етті, деп хабарлады 24kz.

Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы 2015 жылы бекітілген. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде су шығыны 18 пайыздан 16,5 пайызға төмендеген. Ал тозығы жеткен құрал-жабдықтар жаңасына ауыстырылып, кәріз жүйесіндегі апаттар саны азайып отыр.

"2015 жылы "Астана су арнасына" 5 жылға тариф бекітілді. "Астана су арнасы" 2015  жылы тарифін бірнеше мәрте көтеруге әрекет етті. Бірақ біз оның бәрін қарап, бірден тарифті көтеруге болмайды деп ұйғардық. Тарифті 5 жылға осылай бекіттік", –  деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің басшысы Болат Танабергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу