Астанада су басуы мүмкін ауылдардың тұрғындары көшіріле бастады

779

Астанада су басуы мүмкін ауылдардың тұрғындары көшіріле бастады

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында Есіл өзенінің жағасында орналасқан үйлердің тұрғындары көшіріле бастады, деп хабарлайды аудан әкімі Азамат Тайжанов.

Оның айтуынша, мұнда 100 үйді су шаюы мүмкін. Сондықтан 450 тұрғын қауіпсіз жерге көшіріледі.

"Қарағанды облысынан және және Астана суқоймасы тұстан көп мөлшерде су келе жатыр. Тұрғындарды тасымалдайтын автобустарды сайлап қойдық, олар Аршалы ауданына жеткізіледі", – дейді әкім.

Айта кетейік, Жібек жолы – Астанадан 40 шақырым қашықтықта орналасқан, 10 мың тұрғыны бар ауыл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу