Астанада су есептегіш 70 құралды ұрлаған ер адам ұсталды

117

Күдікті бейнебақылау камералары арқылы әшкереленді.  

Астанада су есептегіш 70 құралды ұрлаған ер адам ұсталды Фото: gwt.kz

"Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласының полиция қызметкерлері пәтер иелері кооперативінен түскен бірнеше шағым бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің подъездерінен су есептегіш құралдарын жасырын ұрлаған күдіктіні анықтап ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында 44 жастағы ер адамның тұрғын үйлердің кіреберістеріне еркін кіріп, жалпы саны 70 су есептегіш құралды ұрлағаны анықталды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ күдіктінің бұрын жасалған басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу