Астанада су көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

335

Мемлекеттік органдар судағы оқиғалардың алдын алу және оларды тергеу кезіндегі өзара іс-қимылды күшейтпек.  

Астанада су көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

29 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңеске Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаментінің директоры Нұржан Малаев және Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Әсет Жылқыайдаров төрағалық етті. Жиынға Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кездесуде су көлігіндегі оқиғаларды тергеу және олардың алдын алу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды.

Қатысушылар уәкілетті органды оқиға туралы уақтылы хабардар ету, ведомствоаралық байланыс тетіктері және су көлігіндегі оқиғаларды толық әрі уақытылы тергеу мәселелерін қарады. Бұл ретте жедел ақпарат алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар тергеуге жататын су көлігіндегі оқиғалар бойынша статистикалық мәліметтер мен олардың себептеріне жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды. Оқиғалар жиі тіркелетін су нысандарына ерекше назар аударылды.

Талдау нәтижелері тәуекел факторларын анықтап, шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымша профилактикалық шараларды әзірлеуге негіз болады.

Көлік министрлігі көліктегі оқиғаларды тергеу жүйесін жетілдіру және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу