Бұл туралы "Астана су арнасының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. "Астана су арнасы" су қысымын реттеу шараларын қабылдауға мәжбүр:
сағат 04:30-дан 09. 30-ға дейін су қысымы жоғарылатылған режимде;
09:30-дан 12:00-ге дейін - төмендетілген қысымда;
12:00-ден 14:00-ге дейін - жоғары қысымда;
14:00-ден 18:00-ге дейін - төмендетілген қысымда ;
18:00-ден 00:00-ге дейін - жоғары қысымда; 00:00-ден 04:30-ға дейін - төмендетілген қысымда", - делінген хабарламада.
Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі стансасының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталған. Оның сыйымдылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды. Бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етуді арттырады. Жаңа сорғы-сүзгі стансасының құрылысы осы жылдың жазында аяқталады.