Астанада су мәселесі шешіледі

371

Жаз басталғалы елорда тұрғындары ауыз суы тапшылығын сезініп, біраз қиындықтар туындаған болатын.

Астанада су мәселесі шешіледі Фото: dauletten.kz

Осы орайда қала әкімі жүргізілген жұмыстар мен алда іске асырылуы керек жоспарларымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауыз су мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Біз жақын арада су қысымын қалыпқа келтіріп, тұрақты сумен қамтамасыз ете алдық. Естеріңізде болса, айдың басында осы тұрғыда бізде біраз проблемалар болған еді. Маусымның басында "Астана су қоймасынан" су желісінің жаңа тармағы іске қосылды, сол арқылы қалаға күніне 90 мың текше ауыз су жеткізілуде. Сонымен қатар, осы кезеңде жаңа сорғыш стансылары пайдалануға берілді, жүйені толық іске қосқаннан кейін тамыз айынан бастап 105 текше метр су жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді әкім.

Қала басшысының айтуынша, осы жоспарлардың барлығы орындалған жағдайда алдағы 3-4 жылға су мәселесі туындамайды.

Сонымен қатар, "Нұра" елді-мекенінен су желісін тарту көзделіп отын, күніне 50 мың текше ауыз су алынады. Ал алдағы 10 жылға құрастырылған даму жоспарына сәйкес, қазір төртінші сорғыш станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу