Астанада су тапшылығы бары рас па?

359

Су қоймасындағы су көлемі жеткілікті. 

Астанада су тапшылығы бары рас па? Фото: canva

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елордада су тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір Астана қаласы ауыз суды Астана су қоймасынан алады. Біз оны биыл 100 пайыз толтырдық. Су тапшылығы болмайды. Қазір шілде айы басталды. Судың көлемі жеткілікті. Шағын ауданда болып жатқан ауыз суға қатысты мәселелер техникалық себептерге байланысты деп ойлаймын. Бір жерде насос істемей қалды, тағы бір жерде құбыр жарылады. Бірақ тиісті мекемелер қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде істеп жатыр", – деді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов халықты ауыз сумен қамту саласында іске асырылу мерзімдері созылып кеткен жобаларды тездетуді тапсырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу