Астанада су тарифы қымбаттайды

426

"Астана су арнасы" кәсіпорны өкілдері осындай ұсыныс жасады.

Астанада су тарифы қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

"Астана су арнасы" АҚ өкілдері қолданыстағы тарифтер 2023 жылғы маусымда бекітілгенін айтты. Ауызсудың жаңа тарифтері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 теңгеге - 105 теңгеден 117 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Сарқынды суларды бұру және тазарту тарифі 103 теңгеден 117 теңгеге дейін, өндірістік су 40 теңгеден 43 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания өкілдері мәліметінше, су тарифтерін көтеру өсіру үшін:

кәріз желілерін қайта құруға және жөндеуге, жабдықтарды жаңартуға қосымша инвестициялар;

стратегиялық тауарлардың құнын арттыру;

кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек. 

Тарифтер бойынша түпкілікті шешім айтылған пікірлерді, ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштерді жан-жақты талдап, қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады деп уәде беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу