Астанада су тасқынының алдын алу үшін қандай іс-шаралар орындалып жатыр

161

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қалың қар еріген кезде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. 

Астанада су тасқынының алдын алу үшін қандай іс-шаралар орындалып жатыр Фото: Астана әкімдігі

Елордада көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға дайындық шаралары басталып кетті. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 51 рейд жүргізілді.

Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер қала аумағынан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарды, 16,4 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 10 522 метр коллекторлар, 573 дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды", - деді Қуаныш Тоқсарин.

Спикердің айтуынша, су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 581 адамынан, 505 бірлік техникадан, 131 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қалың қар еріген кезде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. Ведомство тез арада үйдің айналасын қардан тазартып, көшенің жол жиегіне қарай шығаруды ұсынады.

Су тасқыны болған жағдайда дереу 109 iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе 112 құтқару қызметіне хабарласу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу